«Bek Air» ұшағының ұшуына рұқсат жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bek Air» ұшағының ұшуына рұқсат жоқ

18.05.2017

Астана әуежайында құқық қорғау органдары мен көлік прокуратурасының өкілдері «Бек Эйр» компаниясының ұшағын тоқтатты. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлады. Оның айтуынша, Астана-Ақтөбе бағытындағы ұшатын әуе кемесі кеше сағат 23:30-да көкке көтеріліп, 40 минуттан кейін қайта оралуға мәжбүр болған. Себебі, бортта «шасси алынбады» деген белгі жанған соң, экипаж  әуежайға қону туралы шешім қабылдаған. Астанада әуе көлігін тексеретін қажетті құрылғылар болмағандықтан, компания басшылығы ұшақты Алматыға техникалық бақылаудан өткізуді жоспарлапты. Алайда, құқық қорғау органдары оған көкке көтерілуге рұқсат бермеді. Компанияға темiржол, әуе, теңіз, өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзды деген айып тағылды. 

Бақытжан ОМАР

 

Хабарламаларға жазылу