БҚО-да жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысты 8 тұлға бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысты 8 тұлға бас бостандығынан айырылды

22.05.2017

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері экстремизм мен терроризмге қатысты 8 тұлға бас бостандығынан айырылған. Ал, сыбайлас жемқорлық фактісімен 13 тұлға жазаға кесілген. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Бес айда 13 тұлғаға 11 қылмыстық іс қозғалған.  Істі болғандардың 5-і құқық қорғау органдарының қызметкері, 2-і білім саласының өкілі, біреуі әкімдік қызметкері және 5-уі аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер. Олар пара алған және өз қызметін асыра пайдаланған.  

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу