Жаһандық геосаясат, АҚШ пен Ресей қарым-қатынасы, Сириядағы соғыс, экстремизм және терроризммен күрес, жетекші мемлекеттердегі президент сайлауы. Бұл - Қазақстан мен Ресей сарапшыларының форумында талқыланған тақырыптың бір парасы ғана. Екі күндік шараны «Валдай» пікірталас клубы, Халықаралық қарым-қатынас жөніндегі кеңес және «Парасат» жүйелі зерттеулер институты ұйымдастырды. Әлбетте, мұндай кездесулер Қазақ-Ресей қарым-қатынасы үшін зор маңызға ие. Тараптар түрлі сала бойынша ашық пікір алмасып, ұтымды ұсыныстарын ортаға тастады. Жиналғандар мұндай кездесулердің екі ел байланысына тың серпін береріне сенім білдірді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ