Биыл ораза айы 29 күнге созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ораза айы 29 күнге созылады

24.05.2017

Рамазан - қайырылымдылық айы. Барша мұсылман қауымы үшін осы айдағы қасиетті парызды орындау енді 3 күннен соң, яғни, мамырдың 26-нан 27-не қараған түні басталады. Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осыны жеткізді. Бас мүфтидің айтуынша, биыл Ораза айы 29 күнге созылады. Күннің ең ұзақ уақытына келіп тұрғандықтан, биыл елімізде көптеген қайырымдылық шаралары қолға алынып отыр. Атап айтсақ, алдағы күндері «Тегін такси», «Қайырымдылық қайырлы іс», «Барыңмен бөліс!» акциялары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тарауих намазынан кейін түнде жамағат үшін арнайы автобустар қызмет етіп, тұрғындарды түрлі бағытқа тегін жеткізеді. Ал, мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, халық арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Алмат ӘБДІРАМАН  

Хабарламаларға жазылу