Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. Бұл - ел Үкіметі мен Халықаралық эпизоотиялық бюро арасында ынтымақтастық келісім бағдарламасы бар атқарылған шаралардың нәтижесінде, 2017 жылдың 25 мамырында Парижде Қазақстанға аусылдан таза аймақ мәртебесін беру туралы сертификат ресми түрде тапсырылды. 23-мамыр күні Парижде өткен Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас ассамблеясының 85-ші отырысында ХЭБ-ке мүше 180 елдің өкілдері Қазақстанның аусылдан таза аймақ мәртебесіне бірауыздан дауыс берді. Енді осы елдің барлығына Қазақстан жануарлар және өсімдіктер өнімін экспорттай алады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ