Мәскеуде қатты дауыл соғып, 16 кісі қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қатты дауыл соғып, 16 кісі қайтыс болды

30.05.2017

Кеше Мәскеу қаласы мен облысында қатты дауыл соғып, 16 кісі қайтыс болды. Ал, 150 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің басым бөлігі, қатты желден құлаған ағаш немесе түрлі жарнама тақталарының астында қалған. Мамандардың айтуынша, жаңбыр аралас жойқын дауылдың жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Табиғи апат - Ресей астанасына айтарлықтай шығын әкелді. Желдің қаттылығы сонша, өсіп тұрған мыңдаған ағашты тамырымен қоса жұлып алған. Олардың басым бөлігі аулада немесе көшеде тұрған көліктерді басып қалды. Осылайша, біраз уақытқа дейін қалада көлік қозғалысы қиындады. Қазір құтқарушылар апат болған жерлерді тазалап жатыр. Мұндай қатты дауыл Мәскеуде соңғы 100 жылда бірінші рет болып отыр.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу