Құрылысшылар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының Шелек пен Байсерке ауылдары арасындағы ұзындығы 112 шақырымдық бөлігін салып жатқан мердігер компанияда жұмыс істейді.
Ақпаннан бері көк тиын алмай, жұмыс істеген жол құрылысшылары ашынғаннан мердігер компанияның кеңсесіне барып, маңдай ақысын беруді талап етті. Өйткені, төрт айдан бері жалақы алмаған олар басшыларының «күнде ертең» деген құрғақ уәдесінен әбден қажыған.
Алайда, жұмысшыларды жалдаған серіктестік өкілдері бар кінәні бас мердігерден көріп отыр. Олардың сөзінше, тапсырыс беруші компания басшылығы атқарылған жұмыс үшін төленуі тиіс қаржыны әлі күнге дейін аудармаған.
Амангелді СЕЙІТХАН