Бүгін Қызылордада Арал мәселесіне қатысты форум басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қызылордада Арал мәселесіне қатысты форум басталды

30.05.2017

Халықаралық шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова  және әлемнің 27 елінен 130-ға жуық делегат қатысуда. Арал мәселесі қазір дүниежүзін алаңдатып отырған үлкен проблема. Теңіздің шығыс бөлігі мүлдем құрдымға кетіп барады. Судың тұздылығы мөлшерден асады,  бір литрге 150 грамм. Мұның ауыл шаруашылығына да кері әсер ететіні жасырын емес. Теңізді сақтап қалу мүмкін болмаса да, экологиялық ахуалды жақсарту керек деп ғалымдар дабыл қағуда. Осындай ортақ мүддеден туған «Халықаралық Аралды құтқару» қорының тізгінін бұл жолы Өзбекстаннан Түркіменстан алды. Шараға қатысушылар осы қордың құрылған күні 26 наурызды - «Арал теңізінің күні» ретінде жариялау жөнінде бастама көтерді және ол қолдау тапты.  

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу