Бұл жайтты кеніштегі жұмысшылар ұялы телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген. Онда алпауыт зауыттың мұржасында газ жағылып, күкірт шығып жатқаны анық көрініп тұр. Бейнетүсірілімде қызметкерлер зауытта төтенше жағдай енгізіліп, жұмысшылар кәсіпорын аймағынан шығарылғаны туралы да айтады. Бұл оқиғаға қатысты Атырау облысы Жылыой аудандық экология департаменті мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізетіндерін мәлімдеді.
Индира МЕРЕКЕНҚЫЗЫ