Бүгін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұратын бір отбасы 4 жетімді асырап алды. Бұл облыстық прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Жетісу - балалар үйінсіз» деп аталатын жоба аясында іске асты. Қазір аймақта жетім бүлдіршіндерді бауырына басқысы келетін ата-аналар көбейіп келеді.
Мирас МҰҚАШ