Шымкентте 15 мың жеткіншектің қатысуымен шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 15 мың жеткіншектің қатысуымен шеру өтті

01.06.2017

Шымкенттегі мерекелік шеруге ауыл аймақтардан 15 мың оқушы қатысты. Олардың барлығы өнер - мен шығармашылықта жетістікке жеткен жеткіншектер. Алғашқы лекті шаһардағы Оқушылар сарайының дабылшы балғындары бастады. Содан соң өнер мектептерінің шәкірттері толықтырды. Әр ұжым сап түзеген сайын сол білім ошағының жетістігі жайлы ақпарат берілді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу