Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды

09.06.2017

Аймақтық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің өкілдері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 5 және 10 мың теңгелік жалған ақша жасайтын астыртын цех анықталды. 

Іле ауданында қолға түскен күдіктілер ақшаны Еңбекшіқазақ ауданындағы цехта жасағандары белгілі болды. Оларды тінту кезінде 170 мың жалған теңге мен А-4 форматындағы арнайы қағазға басылған ақша купюралары табылған. Сондай-ақ, цехтың ішінен түрлі-түсті принтер мен өзге де құралдар тәркіленді. Күдіктілер жалған ақшаны дүкендер мен жеміс-жидек сатушыларына өткізіп келген. Сондықтан, тексеру шаралары әлі аяқталған жоқ.    

 

Мирас МҰҚАШ   

Хабарламаларға жазылу