Оңтүстік Қазақстан облысының мақташылары биыл 40 мың гектар жердегі зиянкестерді биологиялық тәсілмен жоймақ. Ол үшін аймақта арнайы фабрикалар жасақталып, онда мақтаның жауы болған құрт-құмырсқаларды теріп жейтін көбелектер өсіріліп жатыр. Мұндай жаңашыл тәсілдің арқасында енді егістікке химиялық улы дәрілер себілмейді. Бұл шаруаның шығынын азайтып, жердің құнарын сақтауға негіз болмақ.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ