Мемлекеттік қызметте жүріп, ел мерейін асыруға атсалысып жүрген жандардың бірі – жамбылдық Мұстафа Бектұрғанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметте жүріп, ел мерейін асыруға атсалысып жүрген жандардың бірі – жамбылдық Мұстафа Бектұрғанов

20.06.2017

Бүгінде мемлекеттік қызметте жүріп, ел мерейін асыруға атсалысып жүрген жандар жетерлік. Соның бірі - Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғыны Мұстафа Бектұрғанов. Бүгінде ол мемлекеттік басқару жүйесінде жемісті еңбек етуде. Былтыр облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен байқауда бас жүлдеге ие болған.

1991 жылдың 16 желтоқсанында туған Мұстафаның алғашқы қадамдары Тәуелсіздік алып, алға қарай қаз-қаз басқан Қазақстанның аяқ алысындай болды. Қазір Жуалы ауданы Көкбастау ауылында бөлім басшысы қызметін атқаратын ол жас та болса, бас болып ауыл жастары үшін дебат клубын ашқын. Бос уақытын тиімді пайдалану үшін жасаған  бастамасы өз жемісін беріп, шешен сөйлеп, тез  шешім қабылдаудың шебері атандырды. Оның бұл қасиеті мемлекеттік қызметте ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуына да  септігін тигізген.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу