Елімізде алғаш рет «Ең үздік Мемлекеттік қызметкер» анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет «Ең үздік Мемлекеттік қызметкер» анықталады

20.06.2017

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайманова хабарлады. Мамырдың 13-де барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау жарияланды. Жас мөлшерде шектеу жоқ. Байқауға қатысушылардың ең үлкені 62 жаста, ең жасы 26-да.

Үміткерлер екі кезеңде сыналады: эссе жазады, сұхбаттан өтеді. Сыннан сүрінбеген жеңімпаздарды 23-ші маусым Мемлекеттік қызметшілер күні Елбасы қабылдап, арнайы төсбелгілерді тағады.   

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу