Әлемнің 317 әуежайына белгілі адамдардың есімі берілген екен. Солардың көпшілігі - саяси және діни қайраткерлердің атында.
Мысалы, Францияда Наполеон Бонапарт, Тель-Авивте Бен-Гурион, Газа секторында Ясир Арафат, Ливанда Рафик Харири, Ұлан-Батырда Шыңғысхан, Пәкістанда Беназир Бхутто, Тегеранда имам Хомейни, Кабулде Хамид Карзай, Венесуэла мен Колумбияда Симон Боливар, Прагада Вацлав Гавел әуежайлары бар. Сонымен қатар, мұндай әуе порттарынан өнер адамдарының да есімін кездестіруге болады. Мәселен, Донецкте Сергей Прокофьев, Ливерпульде Джон Леннон, Варшавада Шопен, Австрияда Моцарт, Италия Джузеппе Верди халықаралық әуежайлары орналасқан.
Зерттеулерге жүгінсек, әлемдегі аэропорттардың 20 пайызы жер аттарымен байланысты емес. Ал, әуежайға король есімдерін беру Таяу Шығыс елдеріне тән. Латын Америкасы болса, авиациялық терминалдарына саяси лидерлермен бірге революционерлердің да атын қояды.
Арыстан РЫСБЕК