Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін айтулы күн, яғни, қасиетті Қадір түні. Дәл осы күні Құран аяттары жерге түсе бастаған делінеді. Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірінде өтеді. Діни наным бойынша, осы түні барлық періштелер жер бетіне түседі. Сондықтан, адам баласы осы күні игі амалдар жасап, діни сауатын жетілдіріп, таң қылаң бергенше дұға-тілек қылады. Ұлтымыздың танымында да «мың айдан қайырлы ай» деп саналатын Рамазандағы Қадір түні ерекше ілтипатпен ескеріледі.
«Мұндай ұлық мерекеде ата-ана, ағайын-туыс және дос-жарандарды құттықтап, арнайы сый-сияпат жасау бауырмалдықты арттырып, жүректерді махаббатқа бөлейді», - дейді дін мамандары.