Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде 210 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған. Бұл туралы Парламенттік тыңдауда Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Оның айтуынша, зардап шеккен адам саны 68 мыңнан асып, 15 мың адам қайтыс болған. Тек былтырдың өзінде елімізде 16 мың 823 төтенше жағдай тіркеліпті. Бүгінде техногендік және табиғи апаттармен күресу мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды бағыттарының бірі.
Сенат Төрағасы азаматтық қорғаныс саласында жіберген кемшіліктерді бірлесе отырып шешуіміз керек. Төтенше жағдайларға қарсы жүйелі шараларды қайта қарап шығуға тиіспіз,- дейді.
Индира БЕГАЙДАР