Бұл туралы ресейлік «Еуразиялық ынтымақтастық» ұйымының басшысы мәлімдеді. Жоба мақсаты – еуразиялық кеңістіктегі коммерциялық емес ұйым өкілдерінің басын қосып, ондағы таралатын ақпаратты біріктіру. Сол мақсатта электронды платформа қолданысқа енгізілді. Осылайша, альянс мүшелері әркез онлайн режимде жұмыс істей алады.