Алматыда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кедендік қызметі біріккен алқасының 23-ші отырысы өтті. Тұтқалы жиынға аталған ұйымға кіретін мемлекеттердің белді сарапшылары қатысты. Сала мамандары Кеден одағының аумағына ерекше категориялы тауарларды кіргізу кезінде кедендік баж салығынан босатудың жолдарын қарастырды. Бұл - көршілес елдер арасында алыс-берісті арттырып, импорт пен экспорттың көлемін ұлғайтады.
Осы бағытта Салық кодекстерін заман талабына сай ратификациялап, ортақ баға қалыптастыру қажет. Себебі, қазір кедендік бақылаудың сандық жүйелерін енгізу талабы қойылып отыр.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ