Биіктігі 6 метрлік қоладан құйылған ескерткіш ғұлама бабамыздың есімімен аталатын орталық көше бойындағы бақ ішіне қойылды. Алып кешен авторлары - ағайынды мүсіншілер Жаубасар мен Жарылғасын Иғланбекұлы. Олар алдымен ұлы ойшылдың өмірін, шығармашылығын оқып, зерделеп барып жұмысты бастаған.
Ескерткіштің ашылуына еліміздің зиялы қауым өкілдері, мәшһүртанушы ғалымдар, туған-туыстары мен қала жұртшылығы қатысты.
Болат АМАНБАЕВ