Астанада әр сенбі-жексенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Үлгілі үрдіс өткен аптада да жалғасын тапты. Бұл жолы Қостанай және Қарағанды облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тауарлары әкелінді. Барлығы мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі қойылған. Ондағы баға Астана қаласының нарығынан 15-30 пайызға төмен. Жәрмеңке - сатушы мен тұтынушыға да пайдалы шара. Сол себепті, алдағы уақытта ауқымды шараға басқа аймақтар да атсалыспақ.
Азамат НҰҒЫМАНОВ