Алматы облысында жергілікті билік шаруалардың жерін заңсыз тартып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жергілікті билік шаруалардың жерін заңсыз тартып алған

27.06.2017

Шенеуніктердің бұл әрекетіне наразы шаруашылық иелері облыстық Кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Тексеру барысында Жамбыл ауданындағы шаруашылықтың 15 мүшесінің жері заңсыз тартып алынғаны белгілі болды. Тіпті қисынға келмейтін сот шешімдері шығарылғаны анықталды. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері бұл материалды облыстық прокуратураға сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолдады.  

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу