Шымкентте полиция басшысы тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте полиция басшысы тұтқындалды

27.06.2017

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тұтқындалды. Ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырып келген. Тергеу барысында олардың 2015 жылдан бері осы қылмыспен айналысқаны анықталды. Ол кезде жергілікті полиция қызметінің басшысы өзге бөлімде қызмет екен.

Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында Мемлекеттік кірістер департаментінің тергеу қызметі тап осы топқа жетекшілік жасаған әйел кісіні қолға түсірген болатын. Тұтқындау барысында оның көлігінен банктің 180 дана пластикалық  картасы, 88 мөр, азаматтардың жеке куәліктері мен еңбек кітапшалары және 2 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді. Қазіргі таңда бұл іске өзге де лауазым иелерінің қатысының бар-жоғы анықталып жатыр. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу