Қостанай облысында аймақтың үздік журналистері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында аймақтың үздік журналистері марапатталды

28.06.2017

Бүгін Қостанай облысында да аймақтың үздік журналистері марапатталды. Қай елде, қай қоғамда да қалам ұстаған ағайынға жүктелер міндет жауапты. Себебі, мемлекеттік идеологияның қалыптасуы, ел іргесінің мызғымауы тікелей тілшілер жұмысына байланысты. Бүгінде Қостанай облысында 123 ақпарат құралы тіркелген. Олардың қай-қайсы да халық пен биліктің арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық саясатты насихаттауға  үлес қосып келеді.

Аймақ басшылары кәсіби мерекемен құттықтап, таңдаулы деген 48 ақпарат саласы қызметкеріне марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу