Талап ауылы маңына құлаған зымыран өртінен зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талап ауылы маңына құлаған зымыран өртінен зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр

29.06.2017

Оған шұғыл түрде қан құю қажет. Вячеслав Тыц Қарағандыдағы Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің күйік шалған жерлерінің терісін ауыстыру үшін бірнеше операция жасалды.

Оқыс оқиға болған күні шашылған зымыран бөлшектерін жинаумен айналысатын базада жүк көлігін жүргізетін Вячеслав Тыц өрт сөндіруге қатысқан. Секундына 15-20 метрге дейін соққан жел жалынды әп-сәтте көтеріп әкетіп, шөлейтті аумақтағы құрғақ шөп отқа оранған. Соның салдарынан өрт сөндіріп жүргендер қызыл жалынның ортасында қалып, бір азамат қаза тапты. Ал, денесінің 45 пайызын күйік шалған Вячеслав Тыц шұғыл ауруханаға жеткізілген еді.

Айта кету керек, Ресей тарапынан төтенше оқиға салдарынан болған шығын өтелмейді. Бұл жөнінде біздің ғарыш саласының мамандары мәлімдеді. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу