Республика бойынша жыл басынан бері 136 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша жыл басынан бері 136 адам суға кетті

29.06.2017

Оның 68-і - кішкентай балалар. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар комитетінде өткен брифингте айтылды. Құтқарушылар шомылу маусымы кезінде қауіпсіздік шараларына мән беруді ескертеді. Себебі, қайғылы оқиғалардың дені тұрғындардың салғырттығынан болып жатады. Мас күйінде суға түсу, балаларды қараусыз қалдыру сияқты фактілер көп тіркелген. Қазір еліміз бойынша 1343 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Олардың техникалық базасы жаңартылып, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға сақадай сай. «Алайда, шалғайдағы ауыл-аймақтардың айдын көлдерін бақылауда ұстауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, тұрғындар қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы тиіс», - дейді құтқарушылар.   

Хабарламаларға жазылу