Әлеуметтік желіде бейәдеп видео таратқан атыраулық түлектерге заң шеңберінде тиісті шара қолданылады. Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің басшылығы журналистерге осылай деп мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын осы колледж түлектерінің оқу орны ұжымын балағаттаған орынсыз бейнероликтері желіге тарап, қоғамның наразылығын тудырды. «Түлектердің бұл әрекеті ұстаздар қауымына жасалған қиянат», - дейді колледж директоры.