Бүгін Тәуелсіздік сарайында «Мәдени ашықтық – бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты форумда татулықты ту еткен Қазақстанның бейбіт өмірі көп елдерге үлгі бола алатыны айтылды. Алыс-жақын шетелдерден келген қонақтар алдымен көрмені аралады. Түрлі ұлттың тұрмыс-тіршілігі көрмеде шебер суреттелді. Бұдан соң, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай форумды ашып берді. Елдегі тату-тәтті өмірдің кепілі Елбасы екенін атап өтті.
Ғабит БӨКЕНБАЙ