Биыл көлге 700 мыңға жуық демалушы келеді деп күтілген. Сондықтан, құтқару қызметінің қарбалас сәті енді басталады. Жалпы, Алакөл жағажайында бір мезетте 10 мыңға дейін адам шомылуға шығады. Ал, көлде қызмет ететін құтқарушы саны – 13. Олардың заманауи жабдықтармен қамтылуы суда қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Биыл өңірдің су қоймаларында құтқарушылардың үш станциясы ашылады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ