Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қалалық білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

11.07.2017

Нұржамал Мақұловаға «қол астындағы қызметкерлерден ақша жинады деген айып тағылып отыр. Яғни, «Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде түлектерге көмек көрсетіледі», - деп 45 мектептің директорын 100 мың теңгеден әкелуге мәжбүрлеген. Соттың шешімімен Нұржамал Мақұлова екі ай мерзімге тар қамаққа жабылды. Ал, бірқатар мектеп директорлары мен білім беру бөлімінің мамандары тергеу барысында өз еріктерімен келіп, қаржыны жинағандарын мойындады. Күдікті 3 жылдан бері Екібастұз қалалық білім бөлімін басқарған. Ұлттық біріңғай тестілеудің өткен жылғы қорытындысы бойынша, Екібастұздық оқушылар жоғары нәтиже көрсеткен болатын. 

  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу