Жыл өткен сайын елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері азайып барады. Дегенмен, оларға деген құрметтің қарқыны кеміген емес. Сол қарт майдангерлер осы күнге дейін жастарға, жалпы, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетуде. Ер-азаматтың бойындағы төзім, шыдамдылық, батырлық сияқты қасиеттер абыздарда сарқылмаған. Осы сөзімізге қостанайлық ардагер Балтабай Қазиев дәлел бола алады.
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ