Бес жылда оңтүстік өңірден солтүстікке және шығысқа 59 мың отбасы көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес жылда оңтүстік өңірден солтүстікке және шығысқа 59 мың отбасы көшеді

11.07.2017

Алдағы бес жылда 234 мың адам немесе 59 мың отбасы оңтүстіктен солтүстік және шығыс облыстарға көшеді. Қоныс аударуға ниет білдіргендерге Үкімет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Атап айтсақ, қоныс аударған әрбір отбасыға 80 мың теңгеге жуық қаржы және Үкімет есебінен бір жылдық пәтерақы мен коммуналдық қызметтер ақысы төленеді. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» құны 2 миллион теңгелік сертификаттар беру де көзделуде. Оны азаматтар баспана аларда бастапқы жарна ретінде қолдана алады. Бұдан бөлек, конкурстан тыс жер телімдерін беру мен тың идеясы бар азаматтарға 5 миллион теңгедей қайтарымсыз грант беру жайы қарастырылуда. Аталған әдіспен биыл 300 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу