Кореяның көші-қон органдары қазақстандық туристерді тексеруді күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореяның көші-қон органдары қазақстандық туристерді тексеруді күшейтті

12.07.2017

Кореяның көші-қон органдары Қазақстаннан келген азаматтарға қатысты тексеруді күшейтті. Өйткені, соңғы жылдары аталған мемлекетке табыс табу мақсатымен барған қазақстандық мигранттар саны  күрт көбейген. Осыдан 3 жыл бұрын екі ел арадағы визалық режимді алып тастау туралы келісімге қол қойған болатын.

Содан бері мигранттар 11 есеге өскен. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 4 мыңнан астам жерлесіміздің заңсыз жүргені белгілі болды. 

Шынар АСАНҚЫЗЫ        

Хабарламаларға жазылу