Алматыда ТМД-дағы ең үздік балмұздақтар шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ТМД-дағы ең үздік балмұздақтар шығарыла бастады

12.07.2017

Өндіріс орны Даниядан әкелінген ең соңғы үлгідегі аппаратпен өнімнің сапасын жақсартып, өнімділігін ұлғайтпақшы. 

Мемлекеттен қолдау көрген кәсіпорын ұжымы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа желі ашты. Мұнда тәулігіне 70 тоннадан артық балмұздақ өндіріледі. Ерекшелігі сол, автоматтандырылған жүйе тәтті мұзды әзірлеп, оны қаптайды. Дұрысы, адам күшін қажет етпейді. Сондай-ақ, күрделі және дәміне қарай инновациялық балмұздақ та шығарады.

Мәселен, осы аппарат арқылы өндірілетін әр түрлі дәмі бар көп қатпарлы айрықша балмұздақ қазір тек Америка мен Еуропада жасайды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу