Он төрт өңірде электр қуатының бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Он төрт өңірде электр қуатының бағасы өсті

15.01.2014
Он төрт өңірде электр қуатының бағасы өсті

Жаңа жылдан бастап, еліміздің 14 өңірінде электр қуатының  бағасы бір теңгеге өсті.  Бұл туралы бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлімдеді.

 
Сонымен қатар, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Астана қалаларында жылу энергиясының тарифі өсті. Мамандардың айтуынша, жылу бағасы 3 теңгеден 7 теңгеге дейін көтерілді. Мәселен, астаналықтар енді 91,22 теңгенің орнына 98, 51 теңге төлейтін болады.
 
Сонымен қатар, Қазақстанның 5 қаласында суық судың  бағасы өзгерді. Жолаушыларды тасмалдау тарифтері 7 пайызға қымбаттады. Газдың бағасы да біршама көтерілді
 
Аманжол Алпысбаев, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары:
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап, газбен жабдықтау бағасы 8 өңірде өзгерді. Оның басты себебі, магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалдау тарифының 5 пайызға өзгеруі.
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу