Қазақ-өзбек шекарасында жаяу жүргіншілер мен автокөліктің әрі-бері қатынауына мүмкіндік беретін тағы бір бекет ашылды. Осылайша, екі ел арасындағы қарым-қатынас жандана түспек.
«Ташкент-Термез» бағытындағы күре жолдың елімізбен шектесетін тұсы 11 жылдан бері тікенек сыммен маталып, шегендеп тасталған еді. Жаңа бекет ашылған соң Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін Өзбекстанға баратын жол 55 шақырымға қысқарды. Ал, өзбек азаматтары Самарқанға Қазақстан арқылы төте жолмен жететін болды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ