Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылы шілденің ортасында ақ қардың астында қалды. 6 мың тұрғыны бар елді мекен табиғаттың тосын мінезінен бір түнде зардап шекті. Аяқ астынан жауған қарлы бұршақтан жұрттың бау-бақшасы оталып, ауыл ішін су басты. Оқиға орнынан тілшіміз баяндайды.
Ауылда кешеден бері аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы жұмыс істеуде. Тұрғындардан бөлек жақын маңдағы шаруашылықтар да зардап шеккен көрінеді.
Рауан ДИӘЛИ