Қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер тексерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер тексерілуде

14.07.2017

Қозғалтқыш көлемі үлкен, салығы қымбат көліктер тексеріліп жатыр. Астана қаласы Алматы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы осындай рейд өткізуде.

Бас қалада 2000-нан астам осындай көлік тіркелген. Оның 200-ге жуығы салықтан жалтарып жүр. Міндетті төлемнен қашып жүргендер нысанаға алынып, қазір құзырлы органдар мен жекеменшік сот орындаушылары борыштарын өндіріп алуда. Олар қолға түскендеріне қатысты хаттама толтырып, қарызынан құтылғанша көлігін айып тұрағына қаңтарады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу