«Менің арманым» ұлттық байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің арманым» ұлттық байқауы басталды

18.07.2017

«Менің арманым». Бүгін осылай аталатын әлеуметтік маңызы бар жобалардың Ұлттық байқауы басталды. Жүлде қоры – 5 млн теңге. Дода ең қызық, бірегей, әлеумет үшін аса қажет және қоғамға пайдалы бастамаларға арналған.

Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, зияткерлік әлеуетін жетілдіруге жол ашпақ. Яғни, адамды сыни ойлап, қазіргі заманға сай өсуге баулиды. Байқауға озық ойлы, идеясы тың 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтініштер шілденің 20-нан бастап 1-қыркүйекке дейін қабылданады. Додаға қатысу тегін. Ақтық жарысқа қатысу үшін ең үздік 64 жобаның авторы Астанаға жиналады. Тек, оза шапқаны бәйге алмақ. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу