Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында болған. Тұрғындар шөпті сатуға қойған. Шаруаның ала жаздай атқарған еңбегін еш еткен бұзақы сол ауылдың тумасы. Күдікті қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің «Бөтеннің мүлкін қасақана жою» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеге жуық. Өрт кезінде адамдар зардап шекпеген.
Ғани ҚАЛМАХАН