Өскеменде дауылдан зардап шеккен 82 жастағы тыл еңбеккері Шерияздан Исанов ауруханада көз жұмды. Марқұмның өкпесі зақымданып, қабырғалары сынған күйде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген еді. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дүлей желден кейін Өскемен қалалық ауруханасына 5 адам жеткізілген. Соның бірі бірінші қалалық ауруханаға ауыр халде түскен қария болатын. Оны сұрапыл дауыл кезінде қираған шатырдың бөлшегі жарақаттапты.