Бұл туралы бүгін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» басқарма төрағасы Марат Омаров хабарлады. Өтінімдер онлайн тәртіпте қазанның 2-не дейін алынады. Жаңа бағдарламаға сәйкес, биыл гранттар саны қысқарып, қаржы көлемі ұлғайды. Инновациялық жобалар бұрынғыдай 9 емес, небәрі 3 түрге топтастырылған. Яғни, 200 млн-нан 500 млн. теңгеге дейінгі қомақты қаржы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен салалардың технологиялық дамуына және технологияларды коммерциялауға бөлінеді. Экспорттық әлеуеті зор заманауи тың тәсілдер, шағын және орта бизнесті жаңғыртуға септігін тигізбек. Гранттың басты мақсаты да – осы.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ