Бүгін Қызылордада ауа температурасы 46 градус ыстықты көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қызылордада ауа температурасы 46 градус ыстықты көрсетті

24.07.2017

Күннің дәл осылайша қызуы қан қысымымен ауыратындарға қиын болып тұр. Сондай-ақ, жедел-ішек ауруын өршітті. Бүгін таңертеңнен бері 675 адам жедел-жәрдем шақыртса, 20 адам емдеу мекемесіне жатқызылды. Әсіресе, қарбыз бен қауыннан ұшынған балалар көп.

«Оның себебі, бақша өнімдері Күн сәулесі тікелей түскен ашық аспан астында сатылып жатыр. Ал, оны жеген адам бірден ауырады»,- дейді дәрігерлер. Сондықтан, оны үйге әкелгеннен кейін біраз уақыт салқындатып барып жеген дұрыс.  

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу