Оңтүстік Қазақстанда қадағалаушы орган қызметкері мен тергеуші пара алу үстінде ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда қадағалаушы орган қызметкері мен тергеуші пара алу үстінде ұсталды

25.07.2017

Олар салық төлеуден жалтарған кәсіпкерді жауапқа тартпау үшін жасырын жолмен «ауызбастырық» талап еткен. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның мәліметіне сай, кеше, 24-шілде күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы бірлесе кәсіпкердің арызы бойынша Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкері мен Абай аудандық Ішкі істер департаментінің тергеушісі екі миллион теңге пара алып жатқан кезінде қолға түскен. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қолға түскен прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына  қамалған. 

 

Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу