Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, «100 қадамның» нақты 17-ші қадамына сәйкес, судья лауазымына іріктеу мен қойылар талаптар күшейтілген.
Нәтижесінде, сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігі артып, биыл 140 судьяның кәсіби қызметі жоғары бағаланған. Соған сай, әділдік іздеген халықтың сотқа деген сенім деңгейі 67,6%-дан 75,4-ке артты.
Ал, соттар үш деңгейлі сот төрелігіне көшіп, 6 айдан аспайтын уақытта қаралған істердің саны 1,7%-ға қысқарған. Яғни, биыл ел көлемінде сотқа келіп түскен қылмыстық істердің саны 8,5%-ға артса, оның дені жедел шешілген. Сот сатыларын оңтайландырудың діттегені де осы еді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ