Тек Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 20 мың тоннаға тарта ет өндірілген. Сүт пен жұмыртқа өндірісінде де ілгерілеушілік бар. Агроөнеркәсіп саласына мемлекет тарапынан қолдау жалғасады. Мысалы, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында субсидияның 65 түрі сараланып, олардың 11-і тиімсіз деп танылған, ал 40-ы қайта қаралған. Нәтижесінде, еліміз бойынша сиыр етін өндіруге қосымша қаражат алушылардың саны 175-тен 522-ге жетсе, сүтке 2, тері бойынша 3,6 есеге артқан. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен аймақтық кеңесте мәлім болды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ