Қайта өңдеу картасы - уақыт талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайта өңдеу картасы - уақыт талабы

28.07.2017

Аграрлық қайта өңдеу картасы іске асса, бірқатар кәсіпорынның өндіріс көлемі көбейеді. Мәселен, «ЭФКО Алматы» зауыты қазір 10 мемлекетке өнімдерін экспорттайды. Қайта өңдеу картасы бойынша жаңғырту жұмыстарын жүргізсе, олар басқа да алыс-жақын шетелдердің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта егіс алқаптарының көлемін арттырып, шикізат тапшылығын жою қажет. Сондықтан, 750 адам жұмыс істейтін кәсіпорын әлемдік қаржы дағдарысына қарамай, жаңа жобаны іске асыруға ден қойды. Оған қосымша 7 млрд. теңге инвестиция тартпақшы. Соның нәтижесінде, қосымша жұмыс орындары ашылады. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу