Кооперативтерге біріккен ауыл тұрғындары енді мал өнімдерін сатуда делдалдарға тәуелді болмайды. Модульдік шағын бекеттер шаруаларға осындай мүмкіндік беріп отыр. Бүгін «Ауылшаруашылығын қолдау қорының» Қостанайдағы филиалы бір мал сою және бес сүт қабылдау бекетін тапсырыс берушілерге жөнелтті. Өз елімізде дайындалған бұл құрылғыларды кооперивтер мемлекет қолдауымен жеңілдетілген несиеге сатып алған.
Дәуренбек ӘБДІБЕК