Олар Отан алдындағы борышын адал атқаруға, халық пен Елбасы тарапынан жүктелетін міндеттерді жауапкершілікпен орындауға сөз берді. Антына адал, сертіне берік сарбаздар саптық амал-тәсілдерді орындап, ел үшін барлық жағдайға дайын екендіктерін көрсетті. Тәртіп пен достыққа адал болу қасиеттерін бойына сіңірген жас жауынгерлер - ертеңгі офицерлер. «Сондықтан, әскери ережелерді ұғу - парыз, мемлекет күзетінде тұру - ұрпақ ретінде - қарыз», - дейді сарбаздар.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Ұлттық ұланның 300 жас сарбазы ант қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/55944/)